Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

Жыл сайын көктем-күз айларында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруынан елді-мекендерді кенелерге қарсы арнайы мекемелермен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп келеді.
Қазіргі таңда, Арал ауданы бойынша 2020 жылғы күзгі маусымда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының ауруынан 24 елді-мекенде кенелерге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу жұмыс кестесіне енгізілді. (Арал қаласы, Тасбөгет, Аралқұм, Шөміш, Сорбеткей, Қамыстыбас, Қосжар, Бекбауыл, Сапақ, Шөмішкөл, Тастүбек, Үкілісай, Алтықұдық, Бөген, Көне Бөген, Ақбай, Күнту, №83 бекет-Тербенбес, Жақсықылыш, Тоқабай, Ақеспе-Қосбелгі, Сексеуіл, Көктем, Тоқабай)
Осы орайда, залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмес бұрын, әрбір тұрғын мал қораларын, аулаларын күл-қоқыстан толық тазарту қажет екендігін хабарлаймыз.
Арал ауданының әкімдігі.

18 тамыз 2020 ж. 653 0