Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

   Өткен жылы «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай» автожолының 20.8 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Биылғы жылы Абай елді мекенімен Тоқабай елді мекенінің аралығындағы 13,8 шақырым автожолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда мердігер «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС-і автожолға қиыршық тас төсеп, асфальт жабындысын әзірлеуде.   Сонымен қатар, «Ақлақ-Қаратерең» (Қаратерең елдімекеніне кіреберіс) автомобиль жолына да орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер компания «Строй Моделу-Астана» ЖШС-і 2,5 шақырым жолға қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтап, асфальт жабындысын төсеуде.
   Айта кетейік, аталған автомобиль жолдарының қалған бөлігін жөндеу жұмыстары 2020 жылы жалғасатын болады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
07 қыркүйек 2019 ж. 1 701 0