Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Инфрақұрылым игілігі: нәтиже қай деңгейде?

Инфрақұрылым игілігі: нәтиже қай деңгейде?

Қазақстанның сапалы жолы, тиімді транспорттық жүйесі, қуатты заманауи энергетикасы болмаса, бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына қосылуы екіталай. Елдегі инфрақұрылымды озық үлгіде дамыту қажет. Өйткені дамыған инфрақұрылымсыз заманауи инновациялық кәсіпорындар, технологиялық жаңалықтар турасында сөз қозғаудың өзі жөнсіз. Ал бұл мәселені шешуге тек мемлекет қана қауқарлы. Осыны жете түсінген Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әркез  өңірлердегі инфрақұрылымдарды дамыту туралы тапсырма беріп келеді. Бүгінде Арал ауданында да инфрақұрылымның дамып келе жатқанына куә болып отырмыз.
 «Ең  таза  ауызсу – аралдықтарда»
Елбасының «Мен Аралға көмектессем де­ген арманыма жеткеніме қуаныштымын» де­ген сөзі бүгінде барша аралдықтардың ұра­нына айналып кетті. 2005 жылы Аралға келген сапарында тұрғындарға ауызсу шүмегін ашып берген еді. Сол кезде айтқан осы бір сөзі аудан экономикасына жаңа серпін бергендей бол­ды. Міне, сол уақыттан бері 14 жыл уақыт өтіпті. Сол ара­лықта Арал қаласы мен барлық елді мекендер түгелдей дерлік ауызсумен қам­тылды десек болады.
2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» бағ­дарламасы мен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көптеген жұмыстар атқарылды. Мә­се­лен, 2016 жылы «Нұрлы жол» бағдар­ла­масы негізінде Сексеуіл кентінің су жүйе­лерін жүргізу және қайта жаңғырту жұ­мыс­тары жасалса, 2017 жылы 1 680,6 млн тең­ге қаражат қаралып, Конту, Шижаға, Арал­құм, Қамыстыбас, Аманөткел, Бөген елді мекен­дерінде де осындай жұмыстар жүргізілді. Ал, өт­кен жылы қаладағы №1 мөлтек ауданда 12,4 шақырым ауызсу желісі жүргізіліп, қа­зіргі таңда тұрғындардың пайдалануына бе­рілді. Жалпы айтқанда, ауданға қарасты 50 елді мекеннің 40-ы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылса, қалғаны орталық­тан­дырылған ауызсу көздеріне қосылған.
Алдағы уақытта да ауқымды жұмыстар жалғасын тауып, 2018 жылдан 2019 жылға өтпелі жобалар толықтай аяқталып, жоба-сме­талық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырып қойған ауылдарды ауызсумен қамту көзделіп отыр. Олардың қатарына аудан орталығынан шалғайда орналасқан Ақбасты мен Тоқабай – Абай елді мекендері де енгізіліп отыр. Мұнан өзге де көптеген жұмыстар ат­қа­рылады деп күтілуде.
Жасалған жұмыстың нәтижесіне көзіміз жетіп отыр. Келер күннен де күтетініміз көп.
Баспана көңілге медеу
Өткен жылдың көктемінде Арал қала­сын­дағы Т.Жароков көшесі №2 үй мен Арал­тұз көшесі №36 мекенжайында төтенше жағ­дай орын алған болатын. Көктем келді де­ген­мен қыстың ызғары тарқай қоймаған кез­де баспанасыз қалған бірнеше шаңырақ кімнен көмек сұрарын білмей абдырап қал­ған еді. Төтенше жағдай болған күннің ерте­ңіне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ауда­нымызға арнайы келіп, апат болған үйдің тұр­ғындарымен кездесіп, жедел түрде шешім қа­был­дауды тапсырған.
Осы орайда, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының жедел әрекеті нәти­же­сінде облыстық бюджеттен 310 500,0 мың теңге бөлініп, Арал қаласынан 27 тұрғын үй салынды. Бұл жұмыстар Қызылорда облысының жұ­мыл­дыру дайындығы басқармасы арқылы жүр­гізілді.
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Рес­публикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 58-бабында «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйі тұруға жарамсыз болған азаматтарға өтеусіз негізде беріледі» делінген.
Сондай-ақ, «Төтенше жағдай салдарынан тұр­ғын үйсіз қалған азаматтарға тұрғын үй беру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 қа­рашадағы №1222 қаулысын басшылыққа ала отырып, жаңадан салынған 27 тұрғын үйді Т.Жароков көшесі № 2 мекенжайда орналасқан 19 пәтер, Аралтұз көшесі №36 мекенжайдағы 8 пәтер иелеріне өтеусіз берілді.
Міне, осылайша көңілдері жүдеп, бас­па­на­сыз қалған тұрғындардың қуаныштары көкке жеткен жайы бар. Өздеріне зәру кезінде кө­мек қолын созған аймақ басшысына деген риза­шылықтары шексіз.
Көгілдір отын көптің игілігіне
Қазіргі кезде көпшіліктің қалауы көгілдір отын екені анық. Сол көгілдір отынды тұ­тыну бақыты бұйырған қалалардың бірі – Арал қаласы. Бүгінгі таңда толықтай газбен қам­тылған деуге болады. Нақтырақ айтар бол­сақ, жоспар бойынша қаладағы 6637 тұр­ғын үйдің 5811-і газбен қамтылған. Мұнан бөлек, кәсіпорындар, мекемелер, кәсіпкерлік нысандар, басқа да әлеуметтік нысандардың 194-і көгілдір отынның игілігін көріп келеді. Бұл келтірілген деректер Арал қаласы бойын­ша берілген ақпарат қана.
Үстіміздегі жылы да көгілдір отын төңіре­гіндегі жағымды жаңалықтар жалғасын таппақ. Аудан әкімі жыл сайынғы ауыл тұрғындары алдындағы есепті кездесуінде атап өткендей, биыл Жақсықылыш кентіне газ тартылатын болады. Осылайша тұтынушылардың көлемі артатын болады.
Сонымен қатар, он екі мыңнан астам тұр­ғыны бар Сексеуіл кенті тұрғындарының да бұл қуанышқа бөленер күні алыс емес. Ағымдағы жылы газ айдау компрессорын салып, алдағы уақытта кент жұртшылығын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жайы да жоспарда бар.
Жол жөндеу жұмыстары жүйелі
Арал қаласының инфрақұрылымы жыл санап өсім беріп келеді. Кезектен түспейтін мұндай істердің жүйелі жүргізіліп келе жатқа­нына тұр­ғындар да куә. Соңғы екі жылдың өзінде бір­қатар ауқымды жұмыстар жүргізіліп, жол қатынастары қолайлы бола түсті.
Тек қалаішілік көлік жолдары ғана емес, елді мекендерді жалғайтын жолдар жөнделіп, қатынас жеңілдеді.
Нақтырақ айтар болсақ, өткен жылы рес­пуб­ликалық, облыстық, аудандық бюджеттен барлығы 1 445 585,0 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыға 2017 жылы бастау алған 10 шақы­рым­ды құрайтын аудандық маңызы бар «Райым-Водокачка елді  мекеніне  кіреберіс» авто­жол құрылысы аяқталып, пайдалануға бе­ріл­се, «Қы­зылжар елді  мекеніне кіреберіс»  ав­то­мо­биль  жолына күрделі  жөндеу жұ­мыс­тары жүр­гізілді. Міне, жолдың осы тұстары көк­тем, қыс айларында көліктің жүріп тұруына үлкен кедергісін келтіретін еді.
Жолдарды орташа жөндеу бойынша: ау­дан­дық маңызы бар 9,3 шақырымды құрай­тын «Арал қаласына кіреберіс» жолдың 4,3 шақырымы, «Самара-Шымкент-Жақ­сы­қы­лыш-Тоқабай-Абай» автожолының 20,8 ша­қы­рымы, 23 шақырымды құрайтын «Жаңа­құ­ры­­лыс-Бекарыстан би автожолының 11 шақы­ры­мы­на орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізілсе, 2,1 шақырымды құрайтын «Аманөткел елді мекеніне кіреберіс» және қаладағы бір­қатар көшелердің автомобиль жолдары да ор­таша жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Үстіміздегі жылы да жол жөндеу жұ­мыс­тары назардан тыс қалмауда. Осы жылға қа­ралған 682 930,0 мың теңге қаржыға ау­дан­дық маңызы бар «Самара-Шымкент-Жақ­сықылыш-Тоқабай-Абай» автожолы жал­ғасын табатын болса, «Самара-Шымкент-Жақ­сы­қылыш-Тоқабай-Абай», «Ақлақ-Қара­те­рең», «Са­мара-Шымкент-Бекбауыл» авто­жолдары­на орташа жөндеу жұмыстары бас­та­ла­тын бо­ла­ды.
О. ЖОЛДАСОВ
14 мамыр 2019 ж. 1 731 0