Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Н. Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

Елбасы Н. Назарбаев «Astana Hub» жұмысын ресми іске қосты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркінің жұмысын ресми іске қосу шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға ҚР Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев, Эстония Премьер-Министрі Юри Рактас, халықаралық ІТ-қоғамдастығының негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшылар, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, сондай-ақ бірқатар елдің мемлекеттік секторларының өкілдері, ғалымдар, цифрлық әзірлемелер саласының мамандары, венчурлық инвесторлар қатысуда.
«Бүгін біз Astana Hub-ты ашып отырмыз. Бұл Қазақстанның цифрлық әлемі үшін ғана емес толықтай алғанда маңызды оқиға саналады. Барлықтарыңызды инновацияны дамытуға белсенді қатысуға шақырамын және Astana Hub компаниялар үшін әлемдік танымалдыққа ие болу жолындағы трамплинге айналарына сенімдімін. Біз күш біріктіру арқылы барлық алға қойылған мақсаттарға жедел әрі тиімді қол жеткізе алатындығымызға сенімім мол. Ал мақсат белгілі - қазақстандықтар бүкіл әлемнен артта қалып қоймауы керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы бүгінде Қазақстан посткеңестік елдері ішінде реформалар қарқыны, жан басына шаққандағы экономика көлемі мен дамуы бойынша алдыңғы қатарлы мемлекетке айналғанын баса айтты.
Айта кетейік, Astana Hub миссиясы - ел экономикасын нығайту үшін стартап-мәдениетті дамыту және жоғары технологиялық жобаларды қолдау. Алдағы уақытта технопарк Қазақстан инновациясының экожүйесін дамытудың өзегі әрі локомотивіне айналып, технологиялық бизнесті дамыту үшін халықаралық деңгейде мойындалған хаб болуы қажет. Жалпы Astana Hub 2022 жылға қарай стартап-резиденттерді инвестициялау көрсеткішін 67 млрд теңгеге жеткізуді мақсат етіп отыр.
alashainasy.kz
07 қараша 2018 ж. 934 0