Колледж ұжымы Жолдауды қолдайды

Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар екендігі колледж әдіскері Н.Жұмаева тарапынан да айтылды. Ол – Жолдаудың жетінші тарауындағы білім саласына берілген басымдылық, яғни, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарастыру, латын әліпбиіне көшу, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту істерінің алдағы уақытта ұжымға жаңа міндеттер жүктеп, білім саласына тың серпін әкелетіндігін әңгімеледі.
-Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адамның озатынын Елбасымыз жыл сайын айтып келеді. Биылғы жылы да баршаға арналған тегін кәсіптік білім беруі, цифрлық ресурстарды дамыту-мұның бәрі де Елбасымыздың көрегендігі және кәсіптік білім беру саласын өркендетуге жасаған іргелі жобаларының бірі-деген колледж студенттер ұйымының төрайымы Г.Адаева аталған Жолдауға өзінің оң көзқарасын білдірді.
Жиналысқа қатысқан өзге де ұжым мүшелері Елбасы Жолдауымен толықтай таныс екендіктерін және онда көрсетілген міндеттерді орындау үшін бірлік пен ынтымақ керек екендігін ортаға салды. Сонымен қатар, Елбасы сөзін қуаттайтындықтарын, қолдайтындықтарын жеткізді.
Г.Мейірманова,
Арал индустриалды-техникалық колледжі.