Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заман талабына сай маман даярлаудамыз

Заман талабына сай маман даярлаудамыз

Биыл Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты» деп, дамудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатын «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қарқынды жүзеге асыруды айтқан болатын.
Қазіргі таңда осынау бағдарламаның 4 негізгі бағыты бар. Олар, бірінші-ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру. Екінші бағытэкономиканың салаларына (көлік және логистика, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және электронды сауда) цифрлы технологияны енгізу. Үшіншісімемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру. ТөртіншіIT мамандарды даярлау. Аталған Жолдаудағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бірінші бағыты біздің аудан үшін үлкен мүміндік деп айтар едім.Себебі, ауыл-аймақты кең жолақты интернетпен қамтамасыз етіп, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін арттыру бұл қазіргі заманның қажет ететін өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, толыққанды жүзеге асып, өз нәтижесін берген жағдайда біздегі барлық деңгейдегі тұрғындар дамыған заман талап ететін үдеріске бірге ілесер еді дей аламын. Міне, осы мақсат мүддесінен шығуда елімізде маман даярлау ісі де қай уақытта болмасын күн тәртібінен түскен емес.
Осы мақсаттағы маман даярлауды бүгінде 90 жылдық тарихы бар Арал индустриалды-техникалық колледжі де жүйелі қолға алып келеді. Яғни, қазіргі таңда аталған білім ошағында «Байланыс құрастырушы-кабельші» мамандығында білім алушы жастар байланыс желісін мыс кабелімен үйренсе, қазіргі таңда талшықты-оптикалық кабельмен үйреніп, жан-жақты білім алуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының түпкі мақсатына терең үңіле қарасақ, бұл жерде халықтың өмір сүру деңгейін жоғары сатыға көтеру, көптеген әлеуметтік мәселелердің оң шешім табуға зор мүмкіншіліктер жасау екені айқын сезіледі. Қала берді, Елбасы мақсат етіп қойған дамыған отыз елдің қатарына қосылу бастамасы тұр. Сондықтан, бұл үшін тек бағдарламаның аясында халықтың үдесінен шығу үшін еңбек ету қажет деп білемін.
Н.Нұрманов,
Арал индустриалды- техникалық колледжі
өндірістік оқыту шебері.
04 наурыз 2018 ж. 2 437 0