ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША 18 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛДЫ
Былтыр жол мәселесі бойынша 18 жоба іске асырылған. Атап айтсақ, аудандық маңызы бар Сазды, Райым-Водокачка елді мекендеріне кіре берісі, «Арал-Әуежай-Жалаңаш» автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Самара-Шымкент-Қамыстыбас – Аманөткел-Бөген» автомобиль жолының 20,6 шақырымы орташа жөндеуден өткізілді. Қаладағы Баймұратов, Сәрсенов, Сапақ би, Космонавт, Терешкова, Қаюпов, Бақтыбай батыр, Әбілхайыр хан, Нұрпейсов көшелеріне де жөндеу жүргізілді. Қызылжар елді мекенінде де жол жөндеу жұмыстарының ІІ кезеңі басталып, ауыл тұсындағы Сырдария өзеніне қалқымалы көпір салынуда.
Ауылдарда ауыз су мәселесінің шешілу деңгейі жоғары. Былтыр Конту, Бөген, Қамыстыбас, Аралқұм, Шижаға, Аманөткел елді мекендерінің сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту жұмыстары қарқынды жүрді. Сондай-ақ, газбен қамту, электр желісін жаңарту, көркейту-көгалдандыру секілді жұмыстар да назарда.