Аралдағы Жақсықылыш кентін газдандыру жұмыстары басталды (ФОТО)

Бұл жұмыстарды мердігер компания – «Компания Газ Строй» ЖШС-і жүргізуде. Кентке жалпы ұзындығы 55,2 шақырым газ желілері және 1 газ тарату пункті 4 газ басқару пункті орнатылатын болады. Кентті газдандыру жұмыстары 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған.
Сондай-ақ, биылғы жылы ауданда 6 нысанның Өнер мектебі, Мәдениет орталығы, «Гүлдер», «Мереке», «Алтын балық» балабақшалары, №64 орта мектебінің бу қазандықтары газ отынына ауыстырылады.
Сондай-ақ, биылғы жылы ауданда 6 нысанның Өнер мектебі, Мәдениет орталығы, «Гүлдер», «Мереке», «Алтын балық» балабақшалары, №64 орта мектебінің бу қазандықтары газ отынына ауыстырылады.

Қазіргі таңда аудан орталығындағы 8 әлеуметтік, 184 кәсіпкерлік және әкімшілік нысан, 5830 тұрғын үй көгілдір отынға қосылған.