Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Жақсықылыш кентінде өткен жылда шешімін тапқан өзекті мәселелерін түгендеп, ауылдық округті дамытуға қатысты алға қойған мақсат - міндеттерді айқындау мақсатында кезекті есепті жиын болып өтті.Аталмыш жиынға ҚР-ның Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Тілешов Нұрлан Шаймерденұлы қатысты.
Жергілікті жұртшылықпен өткен кездесуде алғашқы болып Жақсықылыш кентінің учаскелік полиция инспекторы А. Идрисов есеп берді. Одан әрі, кент әкімі П. Берсүгіров пен аудан әкімі М. Оразбаев өткен жылдың қорытындысын баяндап өтті.
Кентте ірі өндіріс орны «Аралтұз» АҚ орналасқан. Онда 1104 адам жұмыс істеуде. 2018 жылы барлығы 422020 тонна тұз өндірілсе, оның 209496 тоннасы ас тұзы, ал 145855 тоннасы техникалық мақсаттарға арналған тұз.
Сонымен қатар, «Аралтұз» АҚ-ы кентте атқарылып жатқан іс-шараларға жалпы құны 2,8 млн теңге көлемінде демеушілік жасады.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарғаарналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы» аясында 2018 жылы «Бастау Бизнес»оқыту курсы бойынша 13 адам, «Бизнес Кеңесші» оқыту курсы бойынша 6 адам оқытылды.
2018 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 4 азамат, яғни, Қазиев Бержан 2 млн тенге, Бақшақбаев Мейрамкүл 750 мың тенге, Смағұлова Аманкүл 2 млн теңге, Өтепбергенов Дархан 2,9 млн теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде.
Бұдан бөлек, «Жаманша» шаруа қожалығы «Арал ырысы» несие серіктестігінен жылқы малын өсіруге 7 млн теңге алса, Жақұпов Болат түйе малын өсіру мақсатында «Қызылорда өңірлік инвестиция орталығы» арқылы 3 млн.теңге алды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қайтарымсыз грантқа 2 жоба жолданып, нәтижесінде Шыныбеков Нұрбек «Автокөліктерге қызмет көрсету» жобасымен 700 000 теңге, Бегімбетова Ақбота «Кондитерлік өнімдер шығару» жобасымен 900 000 теңге иеленді.
Бұдан бөлек, «Мерей» балабақшасына 2018 жылы жылу және кәріз жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 
Сондай-ақ, 2018 жылы 8 үйге жаңадан су желісі тартылды және 300 үйге тапсырыс бойынша ауыз су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Кенттің абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға көшедегі жарық бағаналарының бойына светодиодты ленталар жүргізілді.
Өткен жылдың ауқымды істеріне қанық болған Жақсықылыш кентінің тұрғындары бір ауыздан жүргізіліп жатқан мемлекет саясатына риза екендіктерін білдіріп, аудан басшысының есебіне оң баға берді.
24 қаңтар 2019 ж. 1 217 0