Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕГІ СЕРПІЛІС

СЕКСЕУІЛ КЕНТІНДЕГІ СЕРПІЛІС

Кезекті есеп беру жиыны Сексеуіл кентінде жалғасын тапты. Кездесуде алдымен учаскелік полиция инспекторы Е. Ержанов атқарылған жұмыстарға тоқталып өтсе, кент әкімі С. Төрешов пен аудан әкімі М. Оразбаев 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады.
Жиынға облыстық индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев арнайы келіп қатысты.
Сексеуіл кенті 1937 жылы құрылып, 25 000 гектар жерді алып жатқан, 11555-ке жуық халқы және 2230 қожалығы бар аудандағы Арал қаласынан кейінгі ірі елді мекен.
Сондай-ақ, Сексеуіл кентінің ішкі су жүйесін қайта жаңғырту мақсатында, қажетті қаржысы бөлініп, 2018 жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
2019 жылға өтпелі негізде үй-үйге ауыз су тарту жұмыстарының 2018 жылға жоспарланған бөлігі аяқталды. 
Сексеуіл кентіне қарасты «Конту» стансасының су жүйесін кеңейту жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілсе, кент орталығынан «Спорттық сауықтыру кешені» ашылды.
Сондай-ақ, полиция бөлімшесінің ғимараты жаңадан салынса, кент орталығынан «Балалар ойын алаңы» пайдалануға берілді.
Сонымен қатар, орталық кітапханадан жастарға арналған «Коворкинг» орталығы ашылды. 
2018 жылдың басында кәсіпкерлер саны-395 болса, жыл соңында 422-ге жетті.
2018 жылы 5 кәсіпкерлік нысан пайдалануға беріліп, 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Дара кәсіпкер «Төремұратов Елубай» 1 млн 500 мың теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, 2018 жылдың ақпан айында «Сауықтыру орталығын» ашып, 2 адамды жұмыспен қамтыды.
Таласов Мейрамбек өз қаражаты есебінен 150 млн теңгеге «Қарақат» сауда үйін ашып, 15 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Кент тұрғыны Райымбаев Бақтияр 3 млн теңге қаржыға дүкен ашса, дара кәсіпкер «Қылышбаев Қуанышбек» 2,5 млн теңге қаржыға автокөлік дөңгелегін жөндейтін орталық ашты.
Дара кәсіпкер «Сақтағанова Гүлзия» кенттен «Кілем жуатын орталық» ашуға 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант жеңіп алып, 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар, «Қызылорда өңірлік инвистициялық орталығы» арқылы 3 азамат мал шаруашылығын дамыту мақсатында 21 млн теңге несие алса, «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы 2 азамат 44 млн 900 мың теңге несие алды. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» 2 азамат 3 млн теңге несиеге мал алып, шаруаларын өрбітуде.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында кәсіпкерлік негізде «Бастау Бизнес» оқыту курсын 23 азамат оқып аяқтады. «Бизнес Кеңесші» оқыту курсын 11 азамат оқып бітірді. Оның ішінде 1 азамат 1,5 млн теңге қайтарымсыз грант ұтып алды.
Сауалдарға жауап қайтарған аудан басшысы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныс-пікірлердің барлығы да хаттамаға түсіріліп, ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.
Өткен жылы атқарылған ауқымды істерді тыңдаған тұрғындар ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, кент әкімі мен аудан әкімінің есептеріне оң бағаларын берді.
26 қаңтар 2019 ж. 2 032 0