ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ АТАНШИ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАЛҒАСТЫ
Аудан әкімінің кезекті есеп беру жиыны Атанши ауылдық округінде өтті.Әдеттегідей, учаскелік полиция инспекторы Д. Балымбетов атқарылған жұмыстар есебін жасады. Содан соң, ауылдық округ әкімі Е. Серікбаев және аудан әкімі М. Оразбаев өткен жылды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Бастау Бизнес» оқыту курсынан 2018 жылы округ бойынша 4 адам, ал «Бизнес Кеңесші»оқыту курсы бойынша 2 адам оқытылды.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында «Гранттық қаржыландыру бойынша»жалпы құны 2,8 млн теңгені құрайтын 3 жоба ұсынылып, құны 1,4 млн теңгені құрайтын 1 жоба қаржыландырылды.
2018 жылдың қыркүйек айында «Ақтемір» шаруа қожалығы мал басын көбейту бағытында «Ауыл шаруашығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 9,0 млн теңге несие алды.
«Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығынан» Салимов Ақылбектің 3,6 млн.теңге болатын«ірі-қара және жылқы малдарын бағу»жобасы, сондай-ақ, Байболатов Русланның 6,0 млн.теңге болатын «мал басын көбейту» жобасы қолдау тауып, қаржыландырылды.
Аудан басшысы тұрғындар тілегінің ескеріліп, келешекте олар көтерген мәселелер бойынша тиісті шаралар қабылданатынын, барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын жеткізді.