Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚЫЛМЫСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Осы орайда, аудан көлемінде жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандармен жасалатын топтық төбелес, кәмелетке толмағандарға қарсы жыныстық тиіспеушілік сипатында жасалатын қылмыстардың және экологиялық қылмыстардың алдын алу бағытында ағымдағы жылдың 24-29 қыркүйек күндері аралығында Арал ауданының полиция бөлімі қызметкерлерімен арнайы топ құрылып, аудандағы елді мекендерге рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтік шара барысында Арал ауданына қарасты Аралқұм, Қамыстыбас, Ақбай, Үкілісай, Бекбауыл, Бөген, Аманөткел, Қарашалаң, Қаратерең елді мекендері толығымен қамтылды.
Шара кезінде елді мекендегі оқу орындарына барып, оқушыларға аудан көлемінде ұйымдастырылып жатырған «Абайлаңыз балалар», «Қауіпсіз мектеп» іс-шараларының мақсаты және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмысқа жол бермеу жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен бірге, экологиялық қылмыстардың алдын алу бағытында Арал теңізінің айдындары араланып, балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзушы 6 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы 1 бөлігімен әкімшілік шара көрілсе, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ, жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын немесе аң аулау қағидаларын бұзған 4 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 382 бабы 1 бөлігімен әкімшілік шара көрілді.
Бұл бағыттағы шаралар алдағы уақытта аудандағы барлық елді мекендер бойынша жүргізілетін болады.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
16 қазан 2019 ж. 1 118 0