«ҚАУІПСІЗ АУЛА» ЖЕДЕЛ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

Оның ішінде, белгiленбеген орындарда сауда жасаудың 5 дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабы, ұсақ бұзақылықтың 2 дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы, алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 12 дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта /22:00-ден таңғы 6:00-ге дейін /заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүруінің 9 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 442 бабы, азаматтық, қызметтiк, марапаттық, коллекциялық қаруды тiркеу (қайта тiркеу) не оны есепке қою тәртібін бұзудың 1 дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 486 бабы, ҚР-да тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұруының 9 дерегі ҚР ӘҚБтК-нің 492 бабы және ҚР ӘҚБтК-нің өзге де баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып шаралар көрілді.
Іс-шара барысында 33 аула мен 171 тұрғын үй мен пәтерлер тексерілді. АПб-нің профилактикалық есебінде тұратын 48 тұлға, оның ішінде мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған 17 тұлға, әкімшілік қадағалау орнатылған 1 тұлға, формальді түрде әкімшілік қадағалауға жататын 1 тұлға, мінез құлқына ерекше талап орнатылған 5 тұлға, қорғау нұсқамасы шығарылған 9 тұлға, пробациялық есепте тұратын 11 тұлға және қолайсыз отбасы ретінде есепте тұрған 6 тұлға тексеріліп, профилактикалық мәні бар түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Қауіпсіз аула» жедел профилактикалық іс шарасы әрі қарай жалғасуда, сондықтан аудан тұрғындарын заң талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жол бермеуге шақырамыз.
Арал аудандық Полиция бөлімі