Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА "ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

АРАЛДА "ҚАУІПСІЗ ЖОЛ" АКЦИЯСЫ ӨТУДЕ

ҚР Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, Арал ауданы көлемінде ағымдағы жылдың шілде айының 24-28 күндері аралығында қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтың, көлік құралын мас күйде басқарудың жолын кесу мақсатында "Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараға 29 қызметкер жұмылдырылып, атқарылған профилактикалық шаралар нәтижесімен 2 күнде аудан көлемінде жол қозғалысы ережелеріне қатысты барлығы 33 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, әкімшілік шаралар көрілді.

Оның ішінде көлік құралын мас күйде басқарудың 1 дерегі анықталып, ҚР әкімшілік құқық бұзушылық түрлері көрінісінің 608 бабымен хаттама толтырылып, шара көру үшін аудандық сот қарауына жолданды.

Сондай-ақ, көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпай басқарудың ҚР ӘҚБтК-нің 593 бабымен 12 дерек анықталып, кінәлі тұлғаларға әкімшілік шаралар көрілді.

"Қауіпсіз жол" жедел профилактикалық шарасы әрі қарай жалғасуда. Сондықтан, аудан тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. 
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
27 шілде 2019 ж. 3 788 0