«Жаяу жүргінші» жолда абай болыңыз!

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды болдырмау және жол-көлік оқиғаларның алдын алу мақсатында өткен арнайы іс-шара негізінде ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615 бабы 1 бөлігімен жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін 38 тұлғаға әкімшілік хаттама, ҚРӘҚБтК-нің 600 бабының 1 бөлігімен жүргізушілердің белгіленген арнайы жаяу жүргіншілер өткелінде жаяу жүргіншілерге жол бермегені үшін 5 әкімшілік хаттама толтырылған. Осындай жұмыстардың нәтижесінде «Жаяу жүргінші» жедел профилактикалық іс-шарасы алға қойған міндеттерді орындауда өзіндік тиімділігін көрсетті.
Е.Сембиев,
Арал ауданының Полиция бөлімінің
әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы,
полиция аға лейтенанты.