Абыз ақсақалға құрмет көрсетілді
![](/uploads/posts/2022-06/medium/1656397433_shkrat.jpg)
– «Зейнет жасында болсаңыз да әлі күнге дейін қолыңыздан қаламыңыз түспей, жастарға ақыл-кеңесіңізді айтудан жалыққан емессіз. Кеудесі шежіреге толы өзіңіздей қариялардың ортамызда болғаны біз үшін зор қуаныш. Ауданның абыз ақсақалы ретінде өскелең ұрпақ сізге қарап бой түзейді. Қаламыңызға қарымды тақырыптар ілініп, оқырмандырыңызды тың дүниелермен қуантуыңызға тілектеспін. Әрқашан деніңіз сау болып, аман-есен жүріңіз»-деп ізгі лебізін жеткізді.
Мереке қарсаңында ардагер-журналистке аудан әкімінің құттықтауымен бірге сый-сияпат табысталды.
Өз кезегінде абыз ақсақал арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, халықтың аманшылығын тілеп, батасын берді.
Тұрар КИІКБАЕВ