Қазыналы қарттарды ардақтау – парыз

Бүгінгі мереке күні Арал аудандық "Толқын" газетінің бас редакторы Абай Елеш абыз ақсақал Шәкірат Дәрмағамбетов пен ардақты ана Маржанкүл әжейге құрмет көрсетті. Ол абыз ақсақалға "Сыр медиа" ЖШС тарапынан берілген қаржылай сыйлықты табыс етіп, Бас директор Аманжол Сақыпұлының сәлемін жеткізді.
–Сіздер ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған жансыздар, аман-есен жүргейсіздер. Халықаралық қарттар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізгее саулық, отбастарыңызға құт-береке тілеп, өсіріп отырған ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің қызықтарына бөлене беріңіздер, – деп ардагер ақсақалға жылы лебізін білдірді
– Ардагерлер қауымы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласумен қатар, мемлекеттің қамқорлығын сезініп отыр. Еліміздің дамуына сүбелі үлес қосқан қарттарға құрмет көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Қазақ халқының жарқын белгісі қашанда үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсету. Сол себепті бұл игі дәстүр жалғасын таба берсін, Отбастарыңа құт-береке тілеймін, - деп ризашылықпен ақ батасын берді.