Арал ауданы әкімінің 1 қазан – Қарттар күніне орай мерекелік құттықтауы
Ардақты ардагерлер!Қадірлі аға буын өкілдері!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Біз, әрқашан «Үлкенге - құрмет, кішіден - ізет» деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз.
Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды. Сондықтан xалқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімге ерекше мән берген.
«Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген қанатты сөз бекер айтылмаса керек. Сіздер сабырлылық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер.
Бүгінде ауданымызда 1 Ұлы Отан соғысының ардагері (Жанасов Талжан), 844 тыл ардагері және 7622 зейнет жасындағы абзал қарияларымыз бар.
Қазіргі таңда зейнеткерлер мен ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету, үлкенді құрметтеу - мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі.
Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде жөнсіз істер орын алмайтындығы белгілі. Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!
Құрметпен, аудан әкімі
Мұхтар Оразбаев