Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі!

1942 жылдан бастап 1945 жылдың тамыз айына дейінгі мерзімде сұрапыл соғыста болып, өз парызын өтеген. Алдымен 1-Украина майданында, соңынан 4-Украина майданында жаяу әскер жауынгері болған.
Жанасов Талжан І,ІІ дәрежелі «Отан соғысы ордені», «Жуков-100 жыл», «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Ұлы Жеңістің 30, 35, 40, 45, 50, 55 жылдығы» мерекелік медальдарымен марапатталған.
Талжан ақсақал соғыстан соң тепловоз машинисті болып жұмыс атқарған.1980 жылы зейнетке шығып, ерен еңбегі үшін «Лениннің 100 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталған.
Жанасов Талжан ақсақал 3-ұл, 4-қыз тәрбиелеп өсіріп,
23 немере, 25 шөбере сүйіп отыр.
https://www.facebook.com/