Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Сексеуіл кентіндегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері Тұрсынбаев Берден мен Жанасов Талжан ақсақалдың отбасына барып, майдангерлерді Жеңіс күні мерекесімен құттықтады. Сұрапыл соғыстағы майдангерлердің көрсеткен жаужүрек ерліктеріне бүгінгі ұрпақ бас иетінін айта отырып, бізге бейбіт өмір сыйлаған қарт жауынгерлерге алғысын білдірді.Сонымен қатар, жеңісті жақындатқан жандарға сый-сияпат көрсетіп, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын табыстады.
Қос қария да мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан құрмет пен қамқорлықтарына ризашылықтарын білдіріп, елдің амандығы мен тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.
https://www.facebook.com
04 мамыр 2019 ж. 1 821 0