АРДАГЕРЛЕРДІ АРНАЙЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Облыс әкімінің орынбасары ардагерлердің жасаған ерлігі ұрпақтары үшін үлгі болып қала беретінін айтып, ақжарма тілегін жеткізді. Сондай-ақ жеңісті жақындатқан жандарға сый-сияпат көрсетіп, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың құттықтау хатын табыстады.
Тоқсаннан асқан қос қария да ақ батасын беріп, ел мен жерге тыныштық тіледі.
