ҚҰРМЕТТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫНА ШЫҚТЫ

Жиында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қарапайым жұмысшыдан басталған еңбек жолында бірқатар негізгі салаларға басшылық жасап, аудан әкімінің орынбасары болған Бөрі Дабыловтың елге жасаған қызметтеріне баға бере отырып, ауданды дамытудағы еңбегі үшін алғыс білдіріп, Арал ауданының Құрмет грамотасын табыстады.
Өз кезегінде Б.Дабылов көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, аудан басшылығы мен әріптестеріне алғысын жеткізді.
Сая ЕРАЛИЕВА.