ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНА ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Ғасыр жасаған Жонай әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.
Туған жерінде еңбек етіп, ауылдың өркендеуіне өз үлесін қосқан аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 8 перзентінен 31 немере 60 шөбере мен 9 шөпшек сүйіп отыр.
Жонай әжей мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдіріп, елдің тыныштығы мен амандығын тілеп, ақ батасын берді.