Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кейуанаға құрмет көрсетілді

Кейуанаға құрмет көрсетілді

Аралқұм ауылдық ауылдық округінің тұрғыны, 103 жастағы Тәжігүл әже тылда тер төгіп, одан кейінгі жылдары балық шаруашылығы саласында ерлермен бірге еңбек еткен жан. Ғасыр жасаған кейуана бүгінде 9 баладан тараған ұрпақтарының қызығына кенеліп отыр. 8 наурыз мерекесі қарсаңында аудан әкімі М.Оразбаев және аудандық мәслихаттың хатшысы Д.Мадинов Аралқұм ауылдық округінде тұратын Тәжігүл әженің шаңырағында болып, ғасыр жасаған әжені мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Арнайы құттықтай келген ел азаматтарына ақ батасын берген ана елдің тыныштығын, халықтың тұрмыс-тіршілігінің бақуатты болуын тіледі.
07 наурыз 2019 ж. 1 287 0