Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » САМАЙЫН АҚ БАСҚАН, ҒАСЫРДАН ӘРІ АСҚАН

САМАЙЫН АҚ БАСҚАН, ҒАСЫРДАН ӘРІ АСҚАН

Ұзақ жасаудың сыры есіл еңбек пен уайымсыз ой және жайлы өмірде деп түсінетін 104 жастағы Тәжігүл әжеміз бүгінде ауданға қарасты Аралқұм ауылында тұрады. Төреғұл атамыздың тіккен шаңырағын шайқалтпай, өмірге әкелген 9 баланы аяқтандырған алтын құрсақты анамыз өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы, ауыл-аймақ үшін кеудесі қазынаға толы естелік хат іспетті. Әжемізден тараған ұрпақтар бүгінде бір қауым елге айналып отыр. Яғни, қазіргі таңда 9 баладан 37 немере, 70 шөбере және Айдар есімді бір шөпшегі бар. Тәжігүл әжей тылда тер төккен, одан кейін де Райым колхозында зейнет жасына жеткенше балық шаруашылығы саласында ұзақ жылдар табанды еңбек етті. 
Міне, осы орайда ауыл үшін емес ауданымыз үшін қазынаға айналған Тәжігүл әженің шаңырағында аудан әкімі М.Оразбаев болып, оны 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтап, иығына ақ жаулық жапты. 
Аудан әкімінің жанында аудандық мәслихат хатшысы Д.Мәдиов және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатовтар болды. 
Осылайша көктемнің ең көңілді мерекесі қарсаңына орай өзін құттықтай келген ел азаматтарына Тәжігүл әжей ақ батасын беріп, елге жасап жатқан қызметтеріне абырой тіледі.
07 наурыз 2018 ж. 1 962 0