Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІ МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

АУДАН ӘКІМІ МЕРЕКЕ АЯСЫНДА ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Бүгін Арал ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы ғимаратында нұротандықтар мен ауданымыздың белсенді жастарымен бас қосты,- дейді аудан әкімінің баспасөз хатшысы.
Мереке аясындағы кездесу бейресми, еркін форматтағы пікіралмасу алаңы ретінде ұйымдастырылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов пен филиал қызметкерлері және аудандық жастар ресурстық орталығының өкілдері мен түрлі саланың белсенді жастары, жас кәсіпкерлер, жас мамандар қатысты.
Көктемнің алғашқы күні өткен жүздесуде сөз алған аудан басшысы ең алдымен баршаны 1-наурыз - Қазақстан халқы Ассамблеясының және еліміздегі бастаушы партия «Нұр Отан» партиясының құрылған күні мен биыл үшінші жылы мерекеленіп жатқан «Алғыс айту» мейрамымен құттықтады. Өз сөзінде Елбасымыздың биылғы жолдауын негізге ала отырып, жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыруда ел жастарының қосар үлесінің басым болуы керектігін және жастарымыз үшін бар мүмкіндіктер жылма жыл жасалып, жанданып келе жатқандығын атап өтті.
Одан әрі сөз тізгінін ауданымыздың жастары алып, өздерінің көкейлерінде жүрген ұсыныс-пікірлері мен сауалдарын, алғыстарын жолдады. Аудан әкімі әр сұраққа толыққанды жауап беріп, жастармен емен-жарқын пікір алмасты.
Кездесу соңында аудан әкімі нұротандықтар мен жастарды Алғыс хатпен марапаттаса, белсенді жастар да өздерінің ізгі ниеттерін білдіріп, әрдайым жастарға қолдау білдіріп жүрген аудан басшысына арнайы Алғыстарын ұсында.
01 наурыз 2018 ж. 1 770 0