ТЕҢІЗБЕН ТАҒДЫРЛАС ТАЛАНТ
Аудандық мәдениет үйінде жазушы-эколог Сайлаубай Жұбатыровтың 70 жылдық мерейтойына орай кездесу кеші өтті.Теңіздей тебіреніп, тылсым табиғатпен тілдесіп, орамды ойларын оқырманмен бөлісіп, еселі еңбегімен елге танылған жерлесіміз, белгілі қаламгер Сайлаубай Жұбатырұлы 70 жасқа толып отыр.
Кездесу кеші жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы шағын деректі фильм көрсетілімімен басталды.
Аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы жазушының шығармашылық жолына тоқталып, еңбек жолында Арал теңізінің экологиялық мәселесін көтере білген бірден-бір азамат екендігін айта келе, мерейтойымен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысы Дәуренбек Жолдасұлы мерейтой иесіне өзінің ізгі лебізін білдіріп, алғыс хат табыстады.
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әбілов Алдажар жазушы шығармаларының ерекшеліктерін, теңіз бен адам тағдыры сынды бірнеше мәселелерді бір шығармада ұштастырып, оқырман қауымға жеткізудегі шеберлігін айтып өтті. Сондай-ақ, Арал топырағынан шыққан белгілі тұлғалардың өмірі мен шығармашылық жолдарына тоқталды.
Кеш барысында сөз алған Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, дербес зейнеткер Шәкірат Дәрмағамбетов жазушыны құттықтап, өз естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа өнеге боларлық өсиет әңгімелерін ортаға салды.
Жазушы кеш соңында барша тілектес жақындарына, кеш ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.
Шығармашылық кеште Сайлаубай Жұбатыровтың әріптестері мен замандастары, жақындарының жылы лебіздері айтылып, концерттік бағдарламаға ұласты.
Осылайша теңіз тебіренткен талант 70 жылдық мерейтойында туған жерінде ерекше құрметке бөленді.