ҚАРТЫ БАР ЕЛДІҢ ҚАЗЫНАСЫ БАР

Алдымен ардагерлерді «Халықаралық қарттар күні» меркесімен құттықтаған аудан басшысы: -« Біз, әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Тәжірибесі мол аға буынның өмір жолы жас ұрпақ үшін аса құнды. Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!»- деп мерекелік лебізін білдірді.
Сонымен қатар, ауданда атқарылып жатқан бірқатар істер жөнінде ортаға салып, ой бөлісті.
Кезінде ауданның игі істерінің басатамашысы болған аға буын өкілдері ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Кездесу соңында елдің қадірлі қарттарына сый-сияпат табысталды.
Өз кезегінде қариялар аудан әкімінің қызметіне табыс, алдағы істеріне сәттілік тілеп, ақ баталарын берді.