Бүгін – Халықаралық қарттар күні

Мерекеге орай фотокөрме, флешмоб, арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады. Ардагерлердің ғұмыр бойы жасаған еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қалыптасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құрмет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңгейінде аталып өтіледі.
"Осыған орай Жастар сарайында қарияларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылған. Қарт адамға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайды. Сондай-ақ қарттар үйіндегі қарияларға да ерекше қолдау көрсетіліп, мерекелік іс-шара болады. Қазіргі уақытта әлеуметтік, медициналық, психологиялық көмек те тиісінше көрсетілуде", - делінген таратылған ақпаратта.