Нұр-Сұлтанда елорда күніне арналған мерекелік отшашудан бас тартылды

Сонымен қатар қала күні аясында Есіл өзенінің жағалауында, Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы саябақта, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында жоспарланған мерекелік отшашу өтпейтiн болды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын мерекелік отшашулардың демеушілері қолдап, арнайы қарастырылған қаржыны Арыс қаласының зардап шеккен тұрғындарына көмек көрсету қорына аудармақ.
Еске сала кетсек, биыл елорда күнін мерекелеу шығын үш есе қысқартылды.