Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Астанада ашық аспан астында концерт өтеді

Астанада ашық аспан астында концерт өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі күні 5 сағаттық ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфоға сілтеме жасап. Мерекелік концерт қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда би кеші (дискотека) форматында өтеді. Ән кешінің қонақтары қатарында Қазақстанға белгілі эстрада әншілері бар, атап айтқанда Мәдина Сәдуақасова, Бейбіт Қошқалиев, Ayree, «Заман» және «3038» тобы және Раим мен Артур. 
Кеш жүргізушілері Азат Әбікен және Олжас Рымбаев. Концерт сағат 17:00-де басталып 22:00-ге дейін созылады. 
Айта кетсек, шара қалалық әкімдіктің қолдауымен ұйымдастырылады.
reactor.inform.kz
03 мамыр 2019 ж. 1 375 0