ҚЫЗЫЛОРДАДА «АРАЛ КҮНДЕРІ» ӨТКІЗІЛДІ

Облыс әкімі Қ.Көшербаев нысанды қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысты және аудандық қоғам қайраткерлерімен кездесті.
Сондай-ақ, бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде «Теңіздің толқынынан маржан шашып, жырлайды айдынды Арал жұлдыздары» атты Арал өңірі өнерпаздарының концерті өтті. Онда қазақ халық әндері мен билері, патриоттық шығармалар, күйлер және әлемдік классикалық музыканың озық үлгілері орындалды.
Айта кетейік, Қызылорда облысы аудандарының шығармашылық ұжымдары 200 жылдық мерейтойға арналған концерт пен мерекелік түрлі шаралар өткізуде.