Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бей-жай қалдырмады": Тоқаев Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды

"Бей-жай қалдырмады": Тоқаев Арыс тұрғындарына бір күндік жалақысын аударды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап шеккендер үшін бір күндік жалақысын аударды.

Берік Уәлидің сөзінше, Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Президент әкімшілігінің қызметкерлері де жарылыстардан зардап шеккендерге көмек беруге үлес қосқан. 
«Арыстағы төтенше жағдай қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Ел басына түскен ауыртпашылықтан ешкім шет қалған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бір күндік еңбек ақысын жарылыстан зардап шеккендерге көмек беру қорына аударды. Президент әкімшілігінің қызметкерлері Қасым-Жомарт Кемелұлының бұл бастамасын қолдап, көмек беруге қосылды», - деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Facebook желісінде.
Айта кетсек, бұған дейін Мәдениет және спорт министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері жарылыстан зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударған еді. Сонымен қатар бұл бастаманы СҚО полицейлері де қолдады.
25 маусым 2019 ж. 934 0