Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңінен күтеріміз көп

Ел ертеңінен күтеріміз көп

Тұтас ел таңдау жасайтын тарихи күннің де өтуіне санаулы күндер қалды. Жаңару мен жаһандануға бастайтын осы сәтте бір жағдан бас, бір жеңнен қол шығарып өз таңдауымызды жасау маңызды екенін әрбір азаматымыз түсінуі керек. Шын мәнінде бұл жолы Президентті халық таңдайды. Ал халықтың атынан сайланған саяси тұлға өз кезегінде халық үшін еңбек етуі керек деп білемін. Анығында ол солай болуы керек. Сондықтан келер күннен кемел келешек күтіп, жаңарудың жарқын үдерісіне бірге ілесер елдің ендігі жұмысы сайлау науқанына бір кісідей ат салысу. Ендеше 20 қараша күні жаппай таңдау жасап, сайлау науқанын белсенді өткізуге атсалысайық ағайын!

Әділбек Әйімбетов,
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
17 қараша 2022 ж. 305 0