Арал аудандық мәслихатының депутаты Н.Ембергенова референдумның маңызы туралы пікір білдірді
Арал аудандық мәслихатының депутаты Н. Ембергенова референдум барысында өз пікірін білдіріп, бұл саяси науқанның ел дамуы үшін маңыздылығына тоқталды.Депутаттың айтуынша, референдум – азаматтардың мемлекет өміріндегі маңызды шешімдерге қатысуына мүмкіндік беретін демократиялық үдеріс. Мұндай маңызды шараларға халықтың белсенді қатысуы қоғамдағы жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті арттырады.
Сонымен қатар, ол ел болашағы үшін әрбір азаматтың өз таңдауын жасап, дауыс беруі маңызды екенін атап өтті.
Референдум – халықтың өз пікірін білдіріп, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды саяси оқиға. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына үлес қосуы қажет деп ойлаймын менде өз таңдауымды жасадым, – деді ол.










