Аудан әкімі мен абыз ақсақал өз таңдауын жасады

Жалпыұлттық референдум арқылы АЭС салу мәселесінде дұрыс таңдау жасай білу – бүгінгі аса маңызды шараның басты ерекшілігі.Аудан әкімі дауыс беріп болған соң: «Бүгін күллі халқымыз ел тағдырын айқындап, дауыс беріп жатыр. Мен де өз таңдауымды жасадым. Азаматтарымыз еліміздің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасайды және белсенділік танытады деп сенемін», - деп, саяси науқан жөнінде пікір білдірді.
Мұндай референдум ел келешегіне қатысты мәселеде ең маңызды шешім екенін айтқан ардагер Ш.Дәрмағамбетов референдум учаскесінде қызмет етіп жатқан азаматтардың жұмысына сәттілік тілеп, батасын берді. Референдум үйіне дауыс беруге келген тұрғындар қарасы қалың екені байқалады.


