Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Толқын» газетінің бас редакторы А. Сайлауов референдумның өту барысы жөнінде пікір білдірді

«Толқын» газетінің бас редакторы А. Сайлауов референдумның өту барысы жөнінде пікір білдірді

Арал ауданында өткен референдумға байланысты «Толқын» газетінің бас редакторы, журналист А. Сайлауов өз пікірін білдірді. Оның айтуынша, бұл маңызды саяси науқан елдің дамуына әсер ететін маңызды шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ ол тұрғындардың белсенділігі жоғары екенін атап өтті.
- Бүгін еліміз үшін маңызды, тарихи сәт. Бұл – азаматтардың өз құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды мәселелерге қатысты пікір білдіретін жауапты кезең. Осындай сәтте әрбір азамат заңмен берілген құқығын пайдаланып, өз таңдауын жасайды.
Мен де елімнің болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Бұл референдум мен үшін тек дауыс беру ғана емес, еліміздің даму жолына өз үлесімді қосу мүмкіндігі болды.
Баршаңызға амандық, ел тыныштығын тілеймін.
15 наурыз 2026 ж. 183 0