Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаңырақ күні: Аралда 10 сәби дүниеге келді

Шаңырақ күні: Аралда 10 сәби дүниеге келді

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурызнама аясындағы Шаңырақ күні Арал ауданында ерекше қуанышпен аталып өтті. Бұл күн отбасы құндылықтарын дәріптеп, әр шаңыраққа шаттық сыйлайтын мерейлі сәттердің бірі болды.

Аудан бойынша бүгін 10 сәби дүниеге келіп, оның 7-еуі қыз бала, 3-еуі ұл бала. Жаңа өмірдің бастауы болған бұл қуанышты сәт әр отбасы үшін ұмытылмас мерекеге айналды.
Айтулы күні сәбилердің аналарына құрмет көрсетіліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Сонымен қатар, шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бауыржан Махатов арнайы барып, жас аналарды құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Мұндай игі бастамалар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоғамда ананың мәртебесін арттыра түсетіні сөзсіз.
Дүниеге келген сәбилерге амандық, ата-аналарына зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!
"Толқын" ақпарат

18 наурыз 2026 ж. 66 0