Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНДЕ АРАЛДА 6 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІНДЕ АРАЛДА 6 СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Жаңа жыл мерекесінде Арал ауданында 3 ұл бала мен 3 қыз бала жарық дүние есігін ашты.
Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Ұлыбекұлы мен «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мырзағұлұлы аудандық перзентханаға барып, жас сәбилердің аналарына арналған аудан əкімінің құттықтауы мен сый-сияпат табыс етті.
Сондай-ақ, өмірге перзент әкелген ардақты аналарға зор денсаулық тілеп, сәбилердің аман-сау боп, елдің айтулы азаматы болып өсуіне тілектестіктерін білдірді.
Өз кезегінде жас аналар да ризашылықтары мен алғыстарын жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
05 қаңтар 2020 ж. 438 0