Қазақстанда алғашқы Stadler вагондары сәуірде іске қосылады
Қазақстанда «Тальго» құрамдарының орнына жеткізілетін алғашқы Stadler жолаушылар вагондарын сәуір айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.Оның айтуынша, жаңа вагондардың іске қосылуы көп күттірмей жүзеге асады.
Мерзім жағынан алғанда – сәуір. Қазір "Қазақстан темір жолы" мен Stadler арасында техникалық талаптарға байланысты бірқатар мәселе талқыланып жатыр, осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ол Сенаттың кулуарында берген сұхбатында.
Вице-министр сондай-ақ биыл жалпы 191 вагон шығару көзделіп отырғанын атап өтті.
Фото: baq.kz










