Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда биыл миллионға тарта жолаушы екі есе арзан бағамен ұша алады

Қазақстанда биыл миллионға тарта жолаушы екі есе арзан бағамен ұша алады

Алғашқы ұлттық лоукостер осы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосылады деп жоспарланып отырАСТАНА,
Қазақстан президентінің тапсырмасымен құрылған бюджеттік әуе компаниясы осы жылы 1 миллионға жуық жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Склярдың айтуынша, алғашқы бюджеттік Fly Arystan әуе компаниясын осы жылдың бірінші жартыжылдығында іске қосу жоспарланып отыр.

"Бірінші жылы "Эйр Астана" әуекомпаниясымен салыстырғанда 1 миллионға жуық жолаушыны екі есе төмен бағамен тасымалдау жоспарлануда", - деді министр үкімет отырысында.Сондай-ақ, министрлік биыл "Эйр Астана" компаниясымен бірлесіп Токио, Нью-Йорк, Шанхай бағыттарында және әлемнің басқа да ірі қалаларына әуе қатынастарын ашу шараларын қабылдайды. 
"Биыл біз АҚШ-қа ұшу үшін аккредиттеу рәсімдерін бастаймыз. Министрлік Қазақстан мен АҚШ арасында әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім жобасын даярлады, оған биыл наурыз айында қол қою жоспарлануда", - деді Скляр. 

Ведомство басшысы азаматтық авиацияда көрсеткіштердің тұрақты өсімі байқалып отырғанын атап өтті. Мәселен, былтыр транзиттік жолаушылар саны 900 мың адамға жеткен,, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 45%-ке жоғары (2017 жылы – 620  мың адам).
Ал 2020 жылы транзиттік әуе жолаушыларының саны 1,6 миллионға адамға жетеді деп болжануда.
m.sputniknews.kz
05 наурыз 2019 ж. 975 0