Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр қазақстандықтардың орташа жалақысын атады

Министр қазақстандықтардың орташа жалақысын атады

Тимур Сүлейменов 2018 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстанда биылғы жылдың бірінші тоқсанында орташа жалақысы 153,2 мың теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 
"Еңбек нарығындағы жағдай орнықты.  Биыл наурызда жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Еңбекақының өсуі байқалып отыр. Ерекше атап өтетін жағдай, осы жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық еңбекақы нақты көріністе 2,4% өсіп, 153,2 мың теңгені құрады", — деді Сүлейменов.
Министр 1 наурыздағы жағдай бойынша экономиканы кредиттеуде 1,6% өсу тіркелгенін және кредит көлемі 12,5 триллион теңгені құрағанын атап өтті.

sputniknews.kz
17 сәуір 2018 ж. 1 621 0