Қазақстанда шектеу қойылған тасжолдармен жүргендерге айыппұл салынуы мүмкін

"Осындай мәселе бізде талқыланып жатыр. Естеріңізде ме, Владимир Божко ТЖ министрі (қазір Мәжілістің вице-спикері) болған уақытта ол жүргізушілерді жауапкершілікке тартуды ұсынған (ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдың жабылуына қарамастан шектеу қойылған жолдармен жүргені үшін) болатын. Қазір осы мәселе қайтадан көтеріліп жатыр", - деді ІІМ ТЖ Комитетінің басшысы Владимир Беккер.