Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан 104 жол апаты болып, 39 адам қаза тапқан

Қазақстанда ауа райының қолайсыздығынан 104 жол апаты болып, 39 адам қаза тапқан

Өткен аптада елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты 1000-нан аса көлік жолда тұрып қалып, 104 жол апаты болып, салдарынан 39 адам қаза тапқан. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысы барысында айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 өңірде жолдар жабылды - Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, СҚО және тағы басқа облыстарда. 16-22 желтоқсан аралығында 104 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 39 адам қаза тауып, 158 адам түрлі дене жарақатын алған", - деді министр.
Тұрғымбаевтың айтуынша, БАҚ пен әлеуметтік желілерде таралған хабарламаларға қарамастан, жүргізушілер қауіпті аумақтарға жолға шықты.
"Алматы облысындағы Алматы-Шынжар автожолында MAN жүк көлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жолдағы қозғалысты тоқтатқан. Нәтижесінде көлік кептелісі болып, 15-ке жуық жүк көлігі жолда тұрып қалып, салдарынан екі көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза тапқан, тағы екі адам жарақат алған. Мұндай жағдай Ақтөбе облысында да болды, онда 12 көлік жол апатына ұшырады", - деді ішкі істер министрі.
Еске салайық, кеше еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болатыны хабарланған болатын.
24 желтоқсан 2019 ж. 750 0