Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа Конституция жаңашылдыққа бастайтын қадам

Жаңа Конституция жаңашылдыққа бастайтын қадам

Жуырда өткен Үкімет отырысының күн тәртібінде сиясы кеппеген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының нормаларын іске асыру мәселесі қаралды. Бірқатар министрлер қалықтық референдумнан кейін қолдануға лайық деп танылған Ата заңдағы елдік мүддеге бағытталған әр нормалардың жұртшылыққа тиімді тұстары жан-жақты айтыды.
         Онлайн форматта ұйымдастырылған басқосудан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында осынау көтерілген мәселе аясында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев кешегі өткен референдум барысында аудан жұртшылығы ауызбіршіліктің ерекше үлгісін көрсеткенін ортаға салып, нәтижесінде Сыр өңірі Республика бойынша көш бастап, жаңашылдыққа деген таңдауларымен дараланғанын тілге тиек етті. Сосын , «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» аудан халқының саяси науқандағы белсенділіктері үшін аудан әкімі атынан алғыс айтты.
«Толқын» ақпарат
20 наурыз 2026 ж. 1 0