АУДАНДЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ БОЛЫП ӨТТІ

Күн тәртібіне сай «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі аудандық жол картасының 2023 жылға орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасары Әбішев Еркін Жұмаханұлы хабарлама жасады. Аталған мәселе бойынша сұрақ-жауаптар болып жан жақты талқыланды. Фракция отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.