Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLII ЕСЕП БЕРУ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛДЫ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XLII ЕСЕП БЕРУ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ БОЛДЫ

Конференцияға «AMANAT» партиясы аудандық партия филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Талғат Мырзағұлұлы, аудандық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов, «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық маслихат депутаттары, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кезекті XLII есеп беру конференция барысында «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалы 2021-2022 жылдардағы атқарған жұмыстары жөнінде аудандық филиал төрағасы Б.Төрахметов есеп берді. Ауданда атқарылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен партиялық жобалардың бәрінде де аудандағы аманаттықтардың үлесі зор екеніндігіне тоқтады.
Бұдан әрі аудандық фракция жетекшісі Жангушикова Шарбану, “Вокзал” БПҰ төрағасы Тлепов Кенжебек, “Жастар Рухы” ЖҚ Арал ауданы бойынша жетекшісі Сабырбай Ержан жарыс сөзге шығып қысқаша хабарлама жасап өтті.

Конференция жүргізілу тәртібі бойынша аудандық мәслихат депутаты Аяғанов Еркебұлан сөз сөйледі. Партияның сайлау алды бағдарламасы мен тұғырнамасын орындауда облысымызда біршама жұмыстар атқарылып жатқандағын оның ішінде партиялық жобаларды жүзеге асыруда тың идеяларды қолданудың маңызын атап өтті.

Партия тұжырымдамасы әрбір партия мүшесінің өмір жолында ажырамас бір бөлшегіне айналуы керек екендігін айтты.

Одан әрі, күн тәртібіндегі келесі мәселелер, яғни Арал аудандық Саяси Кеңес жаңартылған құрамын және Қызылорда облыстық конференция делегаттарының тізімін баяндау үшін аудандық филиал атқарушы хатшысы Қанатов Талғат сөз сөйледі.

Конференция партияға қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партиялық билеттерді табыстаумен аяқталды.
17 тамыз 2023 ж. 502 0