Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс ХХХV конференциясы болып өтті

Кезектен тыс ХХХV конференциясы болып өтті

"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы болып өтті.
Конференцияны «AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы Серік Сағитжанұлы ашып, жүргізіп отырды.
«AMANAT» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс XXXV конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар сайланып, қатысты. Сонымен қатар, аудандық Саяси кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері, партиялық бақылау тобының мүшелері қатысты.
Күн тәртібіндегі бір мәселе, Жақсықылыш кенті әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылған кандидатты бекіту.
"AMANAT" партиясы Арал аудандық филиалы атынан ұсынылған үміткерлерге дауыс беріліп, кандидатуралары аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды.

01 қыркүйек 2022 ж. 438 0