Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кезектен тыс конференция өтті

Кезектен тыс конференция өтті

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалына қарасты барлық аудандық партия филиалдарының кезектен тыс конференциялары өткені белгілі. Осы ретте «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы болғанын айта кетейік.
Аталған конференцияны аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасы Мұхтар Оразбаев ашып, конференция жұмысын жүргізді.
Кезектен тыс XXX конференциясына аудандық партия филиалының 33 бастауыш партия ұйымдарынан 70 делегат сайланып, қатысты. Сонымен қатар қатысушылар қатарында аудандық саяси кеңес мүшелері мен партиялық бақылау тобының мүшелері болды.
Конференция барысында күн тәртібіне бекітілген Арал ауданы бойынша сайлауалды бағдарламаны бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттарға дауыс беру, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша партиялық тізімді бекіту және соңғысы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XXVII конференциясына делегаттар сайлау мәселелері сөз етілді.
Пікірсайысқа жалпы саны 10 адам, соның ішінде 2 қатысушы онлайн трансляция арқылы қатысты. Конференцияға қатысушы делегаттар дебат қорытындысына сәйкес дауыс берді.
Атап өту керек, конференция барысында талапқа сай санитарлық талаптар қатаң түрде сақталды.
«Толқын» ақпарат
14 қараша 2020 ж. 591 0