Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХVIII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АРАЛ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХVIII ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жақында Арал ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының кезектен тыс ХХVIII есеп беру конференциясы болып өтті.

Конференцияға «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы М.Оразбаев, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, Бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық маслихат депутаттары мен бөлім басшылары, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, партия ардагерлері мен белсенділері, «Жас Отан» Жастар қанатының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне қойылған мәселелерге кіріспес бұрын аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалының төрағасы М.Оразбаев партия белсенділерін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс әкімінің Алғыс хаттарымен марапаттады.

Конференция барысында «Nur Otan» партиясы Арал аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов атқарылғ
ан жұмыстар жөнінде есеп берді. Одан әрі фракция жетекшісі Ә.Ізбасаров жартыжылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады.
Жиын қорытындысымен Саяси кеңес мүшелерінің тізімі қайта жасақталып, түзетулер енгізілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.



02 тамыз 2019 ж. 1 489 0